ШҚО-да мектеп асханаларына Face-ID жүйесі енгізілді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Face-ID арқылы тамақтанады. ШҚО-да оқушылардың асханадағы қауіпсіздігі мен ашықтығы қатаң бақылауға алынды. Шығыс Қазақстан облысында 48 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтылып, бұл мақсатқа бюджеттен 6 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Мектеп асханаларында бет-бейнені танитын заманауи Face-ID жүйесі енгізілді. Енді мемлекет кәсіпкерлерге ақшаны құр уәде үшін емес, тек нақты атқарылған жұмыс пен балалардың асханадан өткені үшін ғана төлейді. Осылайша, бастауыш сынып және әлеуметтік осал топтағы 5-11 сынып оқушыларының тамақтану процесі толығымен қадағаланады. Жалпы, бұл бастама – еліміз бойынша 1,5 миллионға жуық оқушыны қамтитын ауқымды республикалық бағдарламаның бір бөлігі.
ЖАНҒАЗЫ ӘЛІПБАЕВ, ШҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Жаңағы атап өтетін болсақ, 1-4-сынып оқушыларының тамақ құны – 805 теңге, 5-9 сынып аралығында оқушылардың тамақтану құны – 895 теңге, 10-11 сынып оқушыларының тамағы – 989 теңге. Бізде ыстық тамақпен 46 мыңнан астам оқушы тамақтанады. 6,1 млрд қаражат қарастырылған. Былтырғы жылдан бері арнайы қондырғы орнатылған. Келіп ішкен балалар қондырғы арқылы өтеді, нақты ішкен балалар үшін ғана ақы төленеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал