Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Республика күні қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр. Орал қаласында «Қыран елім – Қазағым!» жастар форумы өтті. Ауқымды кездесуді «Әділет» партиясы жастар қанатының облыстық филиалы мен Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Жиында Қазақстанның басты жетістіктері, соның ішінде спорттағы жарқын жеңістері сөз болды. Түрлі саланың танымал сарапшылары сахна төрінен өздерінің табыс тарихымен бөлісіп, бүгінде әрбір азаматтың берік ұстанымы болуы маңызды екенін атап өтті. Форумда патриоттық әндер шырқалып, шара соңы «ашық микрофон» форматына ұласты.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.