Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Талантты «Мың бала». Елдің түкпір-түкпірінде ұлттық құндылықты дәріптеп, мемлекеттік тілді дамытып жүрген жасөспірімдер Астанада бас қосты. 20 өңірдің жеңімпаздары үшін гала-концерт ұйымдастырылды. Биыл жоба аясында еліміздің барлық өңірінде 114 іс-шара ұйымдастырылып, 1653 оқушы қатысты. Жобаға түрлі этнос өкілдерінің балалары қатысып, қазақ тілінде ән айтып, күй тартып, ұлттық өнерді дәріптеді. Қорытынды концертке аймақтық кезеңдердің жеңімпаздары жиналды. 2015 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан жобаның мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамыту.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.