Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Шахматты Олимпиада бағдарламасына енгізу қажет. Мұндай бастаманы Халықаралық шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов көтерді. Ол бұл туралы «Жібек Жолы» телеарнасына берген сұхбатында айтты.
FIDE басшысының негізгі міндеттері – шахматқа тұрақты қаржы көздерін тарту және ойынды көрермен үшін тартымды ету. Бұл ретте жасанды интеллектіні пайдалану арқылы гроссмейстерлердің партия кезіндегі ойлау жүйесі мен шешім қабылдау логикасын көрерменге түсінікті етіп жеткізу көзделіп отыр. Қазақстанның әлеуетіне тоқталған Тимур Тұрлов алдағы төрт жылда еліміз әлемдегі шахматы ең мықты он мемлекеттің қатарына ене алатынын атап өтті. Оның айтуынша, басты міндет – шахматты толыққанды коммерциялық индустрияға айналдыру. Әлем бойынша шахмат ойнайтындардың саны жүздеген миллионға жеткенімен, ойын трансляцияларын тамашалайтын көрермен аудиториясы әлі де әлдеқайда аз.
Айта кетейік, биыл 26 қыркүйекте Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайланды. Ол FIDE тарихындағы ең жас басшы атанды.
ТИМУР ТУРЛОВ, FIDE ПРЕЗИДЕНТІ:
— Қазір Халықаралық Олимпиада комитеті киберспорт пен зияткерлік ойындардың түрлі бағыттарын белсенді зерттеп жатыр. Әрине, Олимпиада бағдарламасына енгізілетін алғашқы зияткерлік ойын шахмат болуы керек деп есептеймін. Жасанды интеллект көмегімен шахмат ойындарын трансляциялаудың тиімді жолын табуымыз қажет. Яғни гроссмейстер партия кезінде қалай ойланатынын, қандай шешім қабылдайтынын көрерменге көрсетсек, бұл өте қызық болар еді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.