Esentai City-дегі жарылыс: екі бала зардап шекті | 22.10.2026

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

ГАЗ ЖАРЫЛДЫ
Шытынаған терезе. Күл талқан болған зат. Шошынған тұрғын. Алматының қақ ортасында орналасқан тұрғын үйдің сиқынан кісі шошиды. Элиталық кешенде шынымен газ жарылды ма? Төтенше жағдайдың артында не тұр?

ӘСКЕРДЕГІ РЕФОРМА
Әскердегі әлімжеттікке тосқауыл бола ма? Қазақстанда ауқымды әскери реформа басталды. Мерзімді жауынгерлік қызметтің тәртібі біржола өзгереді. Президент мақұлдаған жүйенің ерекшелігі қандай?

БАЛАНЫ САБАДЫ
Бүлдіршінді сабаған тәрбиеші. Қордай ауданындағы жеке балабақшадағы баланы шымшылап, денесін көгерткен қызметкер тергеліп жатыр. Бейнебақылау камерасындағы кадрды көрген ана неге есінен танды?

КУӘЛІГІ ЖОҚ ЖҮРГІЗУШІ
Құқығынан айырылса да рөлге отырды. Шығыс Қазақстан Облысында куәлігі жоқ жүргізуші автобуспен жолаушы тасыған. Рейд кезінде ұсталған тұрғын 3 бірдей баппен айыпталып, қоғамдық көлік тұраққа қойылды.

«МЫҢ БАЛА»
Талантты «Мың бала». Елдің түкпір-түкпірінде ұлттық құндылықты дәріптеп, мемлекеттік тілді дамытып жүрген жасөспірімдер Астанада бас қосты. Олар – 20 өңірдің жеңімпаздары. Жастар арасында суырылып алға шыққан кімдер?
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал