Сайлауға қатысатын саяси партияларға арналған ақпараттық хабарлама

«Жетінші арна» – Қазақстандағы жетекші республикалық телеарналардың бірі. Ел аумағын толық қамтитын арна телевизиялық аудиториямен қатар, цифрлық кеңістікте де көшбасшылар қатарында. Аудитория үлесі бойынша («100 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендер» панелі) 1-орынды иеленіп, прайм-таймда көшбасшылық орнын сақтап келеді.

Көрермен үлесі бойынша үздік 5 телеарна (100 мыңнан астам тұрғынды қамтитын панель – күні бойы):

  1. СЕДЬМОЙ КАНАЛ – 13.4%
  2. ПЕРВЫЙ КАНАЛ ЕВРАЗИЯ – 10.3%
  3. 31 КАНАЛ – 9.7%
  4. КТК – 9.7%
  5. QAZAQSTAN – 8.8%

Дереккөз: K Research.  All 6-54.  Казахстан 100+.  07:00-25:00. 01.01-30.09.2026

Көрермен үлесі бойынша үздік 5 телеарна (100 мыңнан астам тұрғынды қамтитын панель – прайм-тайм):

  1. СЕДЬМОЙ КАНАЛ – 17.3%
  2. АСТАНА – 10.1%
  3. QAZAQSTAN – 10%
  4. 31 КАНАЛ – 9.7%
  5. КТК – 9.5%

Дереккөз: K Research.  All 6-54.  Казахстан 100+.  18:00-24:00. 01.01-30.09.2026

Цифрлық платформалардағы «Жетінші арнаның» жалпы аудиториясы 8 миллионнан астам жазылушыны құрайды. Бұл арнаны Қазақстандағы ең ірі медиаресурстардың біріне айналдырып отыр.

Әлеуметтік желілердегі аудиториясы:

  • Instagram – 946 мың жазылушы;
  • TikTok – 2,2 млн;
  • YouTube – 4,5 млн;
  • Facebook – 578 мың;
  • Threads – 50 мың;
  • Telegram – 42 мың.

Арнаның эфир кестесі ақпараттық, қоғамдық-саяси және ойын-сауық бағдарламаларын, сондай-ақ сапалы фильмдер топтамасын қамтиды. Бұл әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтағы көрермендердің кең аудиториясын қамтуға мүмкіндік береді.

Ақпараттық хабар тарату – «Жетінші арнаның» негізгі бағыттарының бірі. Жаңалықтар күн сайын тікелей эфирде ұсынылады:

  • 08:00 – таңғы жаңалықтар;
  • 13:00 – қазақ тіліндегі күндізгі жаңалықтар;
  • 13:15 – орыс тіліндегі күндізгі жаңалықтар;
  • 18:00 – қазақ тіліндегі кешкі жаңалықтар;
  • 19:30 – орыс тіліндегі кешкі жаңалықтар.

Телекөрілімнің жоғары көрсеткіштері, цифрлық кеңістіктегі ауқымды аудитория және көрерменнің үлкен сенімі «Жетінші арнаны» ақпаратты кең аудиторияға тиімді жеткізетін медиа алаңдардың біріне айналдырып отыр.

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған сайлауға қатысатын, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың «2026 жылғы 29 қарашаға белгіленген кезектен тыс сайлауға қатысатын мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға және өзін-өзі ұсыну тәртібімен мәслихат депутаттығына кандидаттарға «Жетінші арна» телеарнасында эфир уақытын ұсынудың және телеарнаның әлеуметтік желілерінде материалдарды жариялаудың «Телекомпания «ЭРА» ЖШС-нің жалпы шарттары.

      «ЭРА» телекомпаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — «Жетінші арна» телеарнасының (бұдан әрі – Телеарна) меншік иесі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеген саяси партияларды, сондай-ақ 2026 жылғы 29 қарашаға бегіленген сайлауға қатысатын бірмандатты сайлау округтері бойынша өзін-өзі ұсыну тәртібімен мәслихат депутаттығына кандидаттарды сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастыру үшін Телеарнаның эфир уақытын және Телеарнаның әлеуметтік желілерінде материалдарды жариялау шарттары, тәртібі мен төлемақы мөлшері туралы хабардар етеді.

Сайлау алдындағы үгіт 2026 жылдың 1 қарашасында жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-ден басталып, 2026 жылдың 28 қарашасында сағат 00:00-де аяқталады. Тиісінше, үгіт материалдарын Телеарнаның эфирінде және Телеарнаның әлеуметтік желілерінде жариялау көрсетілген кезеңде жүзеге асырылады.

Телеарна мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдері мен кандидатураларын тіркеген саяси партиямен не өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидатпен немесе олардың уәкілетті өкілдерімен жасалған жазбаша шарт негізінде эфир уақытын ұсынады.

Телеарнаның эфирінде және әлеуметтік желілерінде эфир уақытын ұсыну төменде көрсетілген үгіт материалдарын жариялау арқылы жүзеге асырылады:

  1. мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейнероликтер (50/50 тең үлесте);
  2. сұхбаттар;
  3. өзге де үгіт материалдары.

Эфир уақытын ұсыну туралы шарт жасасуға «ЭРА» телекомпаниясы» ЖШС-нің Бас директорына жолданған саяси партияның, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттың немесе олардың уәкілетті тұлғаларының жазбаша өтініші негіз болып табылады.

Өтініште эфирде үгіт материалдарын орналастырудың саны, ұзақтығы, болжамды күні мен уақыты көрсетілуі тиіс. Аталған мәліметтер кейіннен шартта бекітіледі.

Өтініш әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір мен оның келіп түскен күнін беру арқылы өтініштерді тіркеу журналына келіп түсу кезектілігі бойынша тіркеледі.

Жазбаша өтінішке төмендегі құжаттар қоса берілуі тиіс:

  1. партиялық тізімдердің, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттың аумақтық сайлау комиссиясында тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  2. саяси партия, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
  3. өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
  4. шарт жасасуға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

«Жетінші арна» телеарнасының эфирінде және Телеарнаның әлеуметтік желілерінде үгіт материалдарын жариялау кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен, ал өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе арқылы белгіленеді. Жеребе тартуды өткізу тәртібі мен шарттарын Телеарна белгілейді.

Егер сұратылған эфир уақыты бұған дейін өтініш берген басқа саяси партияға немесе өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған басқа кандидатқа берілген болса не Телеарнаның техникалық мүмкіндіктеріне байланысты ұсыныла алмаса, Телеарна өзінің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады.

Үгіт материалдары эфирге шығудың немесе Телеарнаның әлеуметтік желілерінде жарияланудың болжамды күнінен кемінде 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын Телеарнаға HD форматындағы қатқыл дискіде немесе FTP сервері арқылы электрондық байланыс жолымен жеткізілуі тиіс.

Үгіт материалдарында олардың төленгені және қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе визуалды ақпарат қамтылуы тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған саяси партиялар мен өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Осы Ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған, сондай-ақ жасалған шарттың талаптары мен міндеттемелері орындалмаған жағдайда, үгіт материалдарын эфирге шығару жүзеге асырылмайды немесе анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Егер үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күшпен өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау идеялары, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдарды құру идеялары қамтылса, Телеарна мұндай үгіт материалдарын эфирге шығарудан бас тартады.

Телеарна сайлауға қатысатын басқа саяси партиялардың немесе өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпарат қамтылған үгіт материалдарын эфирге шығарудан бас тартуға құқылы.

Телеарнаның талабы бойынша саяси партия немесе өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидат бейнематериалдарда қамтылған ақпаратты растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Осы Ақпараттық хабарламада көрсетілген эфир уақытын ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Үгіт материалдарын орналастыру құны:

  • Бейнероликтерді сағат 07:00-ден 24:00-ге дейінгі уақыт аралығында орналастыру – ҚҚС-ты қоса алғанда, секундына 3 000 (үш мың) теңге;
  • Сұхбаттарды орналастыру – ҚҚС-ты қоса алғанда, 10 (он) минуттан бастап 3 000 000 (үш миллион) теңгеден;
  • Динамикалық баннерлерді (плашкаларды) орналастыру – ҚҚС-ты қоса алғанда, 10 (он) секундтан бастап 40 000 (қырық мың) теңге.

Телеарнаның әлеуметтік желілерінде үгіт материалдарын орналастыру құны:

  • Instagram, Facebook желілеріндегі жазба (пост) – ҚҚС-ты қоса алғанда, 200 000 (екі жүз мың) теңге;
  • Instagram желісіндегі сторис – ҚҚС-ты қоса алғанда, 100 000 (жүз мың) теңге;
  • TikTok желісіндегі жазба (пост) немесе сторис – ҚҚС-ты қоса алғанда, 250 000 (екі жүз елу мың) теңге;
  • YouTube желісіндегі Shorts бейнеролигі (@thesevenchannel) – ҚҚС-ты қоса алғанда, 250 000 (екі жүз елу мың) теңге.

Осы тізбеде көрсетілмеген қосымша үгіт материалдарын орналастыру шарттары жеке тәртіппен келісіледі.

Үгіт материалдарын орналастыру құны Телеарнаның хабар таратуға қолжетімді барлық тарату орталарында (эфирлік, спутниктік, сондай-ақ кабельдік операторлар арқылы және Интернет желісіндегі онлайн-хабар тарату арқылы) трансляциялау мен ретрансляциялауды қамтиды.

Телеарнада үгіт материалдарын орналастыру туралы жасалған шарт бойынша төлем Телеарна ұсынған төлем шотының негізінде шот қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Жазбаша өтініштер Телеарна тарапынан 2026 жылдың 23 қазанынан бастап 2026 жыл 24 қарашаны қоса алғандағы кезеңде, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 31-үй, 301-кабинет.

Телефон: +7 (7172) 476 767 (ішкі нөмірлер: 1020, 1164, 1004).

Факсимильдік байланыс және Интернет арқылы жіберілген жазбаша өтініштер қабылданбайды.

«ЭРА» телекомпаниясы» ЖШС