Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Астанадағы қанды оқиғаға қашан үкім шығады? Әйелін пышақтап өлтіріп, өзі 25-қабаттан секіріп, аман қалған күдіктінің соты тағы да кейінге қалды.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— Астанада Сания Әлімжанованы өлтірді деп айыпталған Ержан Иманқұловқа қатысты сот ісі өтуі керек еді. Бірақ белгісіз себептерге байланысты сот отырысы басқа күнге ауыстырылды. Қай күні қаралатыны айтылған жоқ. Айта кетейік, биыл сәуірде судья Айжан Құлбаева тергеудегі күдіктінің психикалық жағдайына қатысты сараптама қорытындысындағы қайшылықтарды алға тартып, істі қайтарған еді. Енді прокурорлар Иманқұловты қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мәжбүрлі емдеуге жіберуді сұрап отыр. Олардың пайымынша, ол қылмыс жасаған сәтте уақытша психикалық ауытқу жағдайында болған. Алайда марқұмның туыстары бұған үзілді-кесілді қарсы. Олар күдікті жазадан жалтару үшін өзін психикалық ауру етіп көрсетіп отыр деп есептейді. Жәбірленуші тарап оның жалпы тәртіппен сотталып, жазасын алуын талап етеді.
Еске салайық, қайғылы оқиға былтыр маусымда Астанадағы тұрғын үй кешеннің бірінде болған. Тергеу мәліметінше, бірге тұрған ерлі-зайыпты арасында жанжал шығып, ер адам әйеліне бірнеше рет пышақ сұққан. Артынша ол 25-қабаттан секіріп, төменде тұрған көліктің үстіне құлаған. Ер адам аман қалып, ауруханаға жеткізілді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.