Балқаш маңында заңсыз кен қазған екі компанияның басшысы ұсталды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Лицензиясыз миллионер. Балқаш іргесінде ешқандай құжаты жоқ, темір мен марганецті тонналап қазып, сатып келген екі компанияның директоры ұсталды. Саяқ даласында жұмысшылар жалдап, экскаватор, самосвал мен кен үгітетін алып қондырғыларды қойған. Олар кенді қазып, сол жерде ұсақтап, дайын өнімді теміржол станциясы арқылы вагондармен жөнелтіп отырған. Құзырлы органдар тексергенде, үш бірдей алып карьер үңірейіп қалған. Қазылған топырағының көлемі – 338 мың текше метр. Бұл дегеніміз мыңдаған үлкен жүк көлігіне тиелетін таудай қазына.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Жұмыстарды «Vertex Co.» және «MiningMetall» ЖШС директоры ұйымдастырған. Қазба жұмыстары тиісті жер қойнауын пайдалану құқығынсыз және қажет рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген. Учаскелерді игеру үшін жалдамалы жұмыскерлер мен арнайы техника, соның ішінде экскаваторлар, тиегіштер, ұсату қондырғысы және самосвалдар тартылған. Өндірілген кен ұсатылып, кейін сыртқа шығару және сату үшін теміржол станциясына жеткізіліп отырған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал