Шымкентте Республика күніне орай жастар патриоттық флешмоб ұйымдастырды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Шымкентте Республика күніне орай жастардың қатысуымен патриоттық акция өтті. «Менің Қазақстаным!» атты іс-шараға 300-ге жуық студент жиналып, елге деген сүйіспеншілігін ерекше флешмоб арқылы жеткізді. Жастар бір мезетте «Көк тудың желбірегені» әнін шырқап, көлемі 16-ға 8 метр болатын алып көк туды желбіретті.
Салтанатты сәтте ел бірлігі, тәуелсіздік және Отанға деген жауапкершілік жайлы жүрекжарды тілектер айтылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастаманың негізгі мақсаты – жастарды ортақ патриоттық құндылықтар төңірегіне біріктіріп, ұлттық рухты көтеру. Ұлттық рухты ұлықтаған бұл бастама мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, жастардың ел болашағына деген жауапкершілігін де айқын көрсетті.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал