Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Алаяқтар әбден тайраңдап кетті. Енді жансызға жан бітіріп, суреттерді сөйлете бастады. Соның кесірінен алматылық әйел зардап шекті.
Оның суретін «жандандырған» алаяқтар бірден төрт банктен шот ашып, 36 миллион теңге өткізген. Банктік операция 6 күн бойы жүргізілген. Осы уақытта ешбір күдікке ілінбеген. Енді ол әйел Ақтөбедегі бір компанияға 3,2 миллион теңге қайтаруға мәжбүр. Күтпеген жерде белшеден қарызға батқан ол жанталасып банкке барса, қызметкерлері оған белгісіз адамның биометриялық тексеруден өту үшін пайдаланған видеосын көрсеткен.
Болжам бойынша, алаяқтар оның жеке куәлігіндегі фотосуретін пайдаланған. Қаржы реттеушісі жүргізген тексеру нәтижесінде банк шоттарының шынымен де оның келісімінсіз ашылғаны анықталды. Ал банк клиенттің жеке басын тиісті деңгейде тексермеген болып шықты.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.