Әкелі-балалы 77 жылқыны ұрлап, 40 басын сатып үлгерген

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Әкелі-балалы оңай олжаға кенелмек болды. Степногорск қаласында тұратын олар Ерейментау ауданында жайылымда жүрген 77 бас жылқыны түнде айдап әкеткен. Көлікпен қуған малды қала сыртындағы қораға қамапты. Сөйтіп, шетінен сата бастаған. Мамыр айында ұрланған жылқының ізіне түскен полицейлер, саудаға түскен малды табады. Сөйтсе, әкесі мен баласы 40 шақты басты сатып үлгерген. Ұрлығы әшкере болғаннан кейін олар қалған қырқын иесіне қайтарды. Келтірілген шығын 25 миллион теңгедей. Қазір мал ұрлығы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПД АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше ай іздеді. Тіпті бұрын мал ұрлығымен ұсталған адамды тексерді, ет базарын, ұрланған малды сатуы мүмкін өзге де орындарды тінтіп шықты. Соңында екі ұрыны тапты. Олар жайлымда жүрген 77 бас жылқыны айдап алып кеткен.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал