Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Бір кабинетте бірнеше дәрігер қабылдап, бала мен ересек бір кезекте тұратын күн артта қалды. Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл ауылында Ұлттық қор қаражатына зәулім емхана салынды. Құрылысына Ұлттық қордан 5,1 миллиард теңге қаржы жұмсалды.
Емдеу мекемесі тәулігіне 250 науқасты қабылдап, сапалы медициналық қызмет көрсете алады. Аумағы 8 мың шаршы метрге жуықтайды. Айта кету керек, бұған дейін мұндағы дәрігерлер ескі ғимаратта жұмыс істеуге мәжбүр болған. Ол санитарлық талапқа сай келмейтін. Амалдың жоқтығынан бір кабинетте бірнеше маман қабылдау жүргізді. «Енді бұл қиындықтың бәрі артта қалды», — дейді ақ халаттылар.
Жалпы, соңғы бес жылда елімізде 1200-ден астам медициналық нысан салынған. Ал оның жартысы ауылды жерде бой көтерді. Биыл 32 аудандық ауруханада жаңғырту жұмысы аяқталады. Мұнымен қоса алдағы үш жылда 70-тен астам жоба жүзеге аспақ.
СМАЙЫЛ САТИН, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Біздің мамандар бұған дейін екі ауысыммен жұмыс істеді. Себебі емханаға 40 мыңнан астам адам тіркелген. Халық саны жыл сайын артып жатыр. Ал ескі ғимарат өте тар. Ересектермен балаларды бір жерде қабылдадық. Енді бұл мәселе шешілді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.