Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Жетісу облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл шаруалар 64 мың гектар жерге дақыл еккен. Қазір алқаптың 24 мың гектардан астамы жиналды. Бірақ диқандарды өнімді сату бағасы алаңдатып отыр. Себебі зауыттар жүгерінің келісін небәрі 90 теңгеден ғана сатып алады екен. «Ал оны ору, тасымалдау мен кептіру қып-қызыл шығын», — дейді шаруалар. Сондықтан мемлекет әр тоннаға 13 мың теңге субсидия бөлді. Биыл өңірде 439 мың тонна өнім жинау жоспарланған.
ҒАЛЫМЖАН БАҚЫТЖАНҰЛЫ, «КРАХМАЛ-СІРНЕ ЗАУЫТЫ» ЖШС КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Халық биыл бұршақтың бағасы 100 теңгеден болады деп ойлады. Ондай баға болмай тұр. Ресейден бал өнімдері кіргеніне байланысты қазіргі біздің бағамыз 90 теңге болып тұр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.