«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесінде мұнай-газ саласының түйткілдері көтерілді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Мұнай-газ саласында отандық өндірісті дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр. Бұл мәселе «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесінде талқыланды. Жиында отандық өндірушілерді қолдау, салықтық жүктемені азайту және экологиялық талаптарға қатысты түйткілдер көтерілді. Сондай-ақ бизнес өкілдері мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстарын жеткізді.
Мұнай-газ саласын дамыту. Отандық өндірушілерді қолдау. «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесінде осы мәселелер талқыланды. Негізгі мақсат – қазақстандық кәсіпорындардың ірі жобаларға қатысуын арттырып, жаңа тұрақты жұмыс орнын ашу. «Бұл үшін отандық өнімге сұранысты көбейтіп, бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселені шешу керек», — дейді партия өкілдері.
«ҚазМұнайГаз» алдағы 5 жылда мұнай мен газ өндіруге қажет техникалар мен құрал-жабдықтарға 2,3 триллион теңге жұмсайтынын айтты. Олар бұл орасан зор ақшаны шетелге жібермей, Қазақстанның өз зауыттарына беріп, отандық өнімді сатып алуға дайын. Алайда қатысушылар импорттық тауарға жасалатын кейбір салықтық жеңілдік өзіміздің өндірушілер саудасына кедергі келтіреді.

САЯТ БОРАНБЕКОВ, PETROMINING АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Бүгінгі отырыстың ерекшелігі – үшжақты байланыс бар. Партия, мемлекеттік орган, кәсіпкер. Біз екі нақты мәселені көтердік. Біріншісі – отандық мұнай өндіру саласына түсетін салық жүктемесі, екіншісі – экология мәселесі. Нақты шешімдер қабылданды.

Жиында экологиялық талаптар мен акциздерді есептеу тәртібі де көтерілді. Сала өкілдері салық саясатының тұрақсыздығы мен тексерістердің бизнеске қосымша салмақ түсіретінін айтты. Ұлттық экономика вице-министрі акциздерге қатысты ұсыныстарды қараша айында депутаттармен бірге талқылауға дайын екенін жеткізді. Отырыс қорытындысында айтылған бастамаларды жүйелеп, Құрылтайда ілгерілету туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ «Әділет» партиясы жанынан бизнесті қорғау жөніндегі кеңес құру жоспарланып отыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал