ҚазҰУ студенттері «Таза Қазақстан» экологиялық қозғалысына үлес қосты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық қозғалысына өз үлестерін қосты. Университет аумағына 65 түп ағаш, оның ішінде 30 қарағай мен 35 түп бөртегүл отырғызылды. Көшеттер оқу ғимараттары мен жатақханалардың маңына егілген.
Жалпы, соңғы жылдары студенттер қалашығында үш мыңнан астам ағаш өсіп келеді. Университетте көгалдандырумен қатар, қалдықтарды қайта өңдеуге де басымдық берілген. Мұнда пайдаланылған литий-ионды аккумуляторларды қайта өңдейтін арнайы цех іске қосылды. Онда аккумуляторлар алдымен қуатсыздандырылып, кейін ұсақталып, құрамындағы материалдар ажыратылады. Нәтижесінде «қара масса» деп аталатын шикізат алынады. Оның құрамынан бағалы металдар мен басқа да пайдалы компоненттерді бөліп алуға болады. Мамандар қазір осы технологияны сынақтан өткізіп, қолданыстан шыққан материалдарды өндіріске қайта қосудың тиімді жолдарын зерттемек. Бұл қалдық көлемін азайтуға мүмкіндік береді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал