Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қар мен көктайғаққа байланысты бірнеше облыстағы республикалық маңызы бар бес жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерді жолға шығарда ауа райын ескеріп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ алыс жолға шыққанда көліктің техникалық жағдайын тексеріп, қолайсыз ауа райында барынша сақ болу қажеттігін ескертті.
АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында, 24 қазанда шығысында, сондай-ақ 24-26 қазанда Қарағанды облысында жауын-шашын негізінде қар түрінде күтіледі. Маңғыстау облысында аздаған жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл соғуы мүмкін. 24 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, боран соғады деп болжанады. Батыста, солтүстік-батыста және Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.