Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
БИОМЕТРИЯЛЫҚ ТҰЗАҚ
Суретті сөйлетіп, жансызға жан бітірді. Алаяқтың жаңа айласынан алматылық әйел қарызға батты. Жеке куәліктегі фотоны видеоға айналдырған қаскөйлер банк жүйесін алдап, 36 миллион теңге алды.
ҮҢІРЕЙГЕН ҮШ КАРЬЕР
Лицензиясыз миллионер. Балқаш іргесінде ешқандай құжаты жоқ, темір,марганецті тонналап қазып, сатып келген екі компанияның директоры ұсталды. Орнында үңірейіп үш карьер қалған.
БАЗАЛЫҚ СТАВКА
Базалық ставка төмендеп жатыр. Ұлттық банк базалық ставка бойынша кезекті шешімін жариялады. Тимур Сүлейменов Қазақстанда несие қашан арзандайтынын айтты.
ЖАҢА ЕМХАНА
Бір кабинетте бірнеше дәрігер қабылдап, бала мен ересек бір кезекте тұратын күн артта қалды. Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл ауылында Ұлттық қор қаражатына зәулім емхана салынды.
РЕСПУБЛИКА КҮНІ
Мыс балқытушы. Ғалым. Құрылысшы. Ел Президенті Республика күні қарсаңында елдің дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.