Астанада Сарайшық көшесіндегі тұрғын үйде өрт болды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Астана тұрғындарының ұйқысы төрт бөлінді. Сарайшық көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт болды. Құтқарушылар 32 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Оның 13-і – бала. Сонымен түн ортасында эвакуацияланған тұрғындардың жағдайы қалай? Өртке не себеп?
АЙЗАТ ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
— Біз қазір Сарайшық көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің жанында тұрмыз. Өрт мына жертөледегі автотұрақта болған. Қазір онда кіруге рұқсат жоқ. Қою түтін түнгі 4 жарымда жұрт шырт ұйқыда жатқанда бұрқ еткен. Хабар түсісімен Төтенше жағдайлар қызметкерлері келіп жеткен. Осы кезде жертөледегі электр сымдары мен көлік дөңгелектері жанып жатыпты. Бірден үй тұрғындары эвакуцияланып, 32 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Оның 13і – бала. Кешікпей өрт те сөндірілген. Зардап шеккедер жоқ. Тұрғын үй-жай желдетіліп, тұрғындар пәтерлеріне оралған. Енді өрттің неден тұтанғанын өрт техникалық сараптама анықтайды. Сондай-ақ зақымданған көлік иелеріне қанша шығын келгені әзірге белгісіз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал