Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қостанайда жүргізушінің полициядан қашу әрекеті өліммен аяқталды. Ол тәртіп сақшыларынан жасырынбақ болып, автобусқа соғылды. Әлеуметтік желіде жол апаты түсірілген видео тарады. Полицейлер Volkswagen Passat-тың соңынан қуып, жүргізушіден көлікті тоқтатуды талап еткен. Бірақ ол қозғалысын әрі қарай жалғастырып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Алайда көп ұзамай қоғамдық көлікпен соқтығысты. Жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал автобуста 55 адам болған. Олардың екеуіне көмек көрсетілді. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.
МАҚПАЛ МҰҚАШОВА, ПД АСБ ИНСПЕКТОРЫ:
— Назарбаев даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, автобуспен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі қаза тауып, жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Автобуста 55 адам болған. Олардың екеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Қазір оқиғаның барлық мән жайы анықталуда.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.