Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қызылордада 14 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қайғылы оқиға 21 қазанда қаланың орталық алаңында болған. Марқұмның анасының айтуынша, жасөспірім мен оның 13 жастағы танысы клиентке таласып қалған. Екеуі де орталық алаңда балаларды қыдыртатын ойыншық көліктерді жалға берген. Жеткіншектер арасындағы кикілжің кезінде баланың жүрек тұсына бұрауыш сұғылған. Жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткен кезде марқұмның демі үзілген. Қызылорда облысының полиция департаменті жасөспірімнің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталған.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
«Кәмелетке толмағанның абайсызда өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кәмелетке толмаған облыстық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Сондай-ақ тергеу аясында кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.