Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қызылордада 20 жастағы жігіттің қатыгездікпен өлтірілуі қоғамда резонанс тудырды. Марқұмның әпкесінің айтуынша, жанжал диджей мен дос арасында басталып, арты төбелеске және пышақтауға ұласқан. Жігіт сыртқа темекі тартуға шыққанда оған бір топ адам жабылып, үш жерінен пышақ салған. Ауыр жарақат адам жансақтау бөлімінде көз жұмды. Марқұмның жақыны шабуылға 12-ге жуық адам қатысуы мүмкін деп отыр. Бойжеткеннің сөзінше, тергеуші бауырының қазасын дер кезінде хабарламай, жасырған. Ал қылмыс болған дәмхана маңындағы бейнекамералар сол сәтте істемей қалған көрінеді.
Айта кетейік, кісі қолынан қаза тапқан жігіт жетім өскен. Ал әпкесі – оның жалғыз жақыны. Қазір облыстық полиция департаменті аталған іс бойынша үш күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
ӘЛТАЙ НҰРСҰЛТАН, ҚЫЗЫЛОРДА ОПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Әрбір қатысушының рөлі мен іс-әрекетіне тергеу қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға беріледі. Тергеу мүддесіне байланысты өзге де ақпарат жария етілмейді. Тергеу барысы ПД басшылығының ерекше бақылауында.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.