Қытайда адамды қорғауға арналған H2-X роботы таныстырылды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Оққағарлар енді жұмыссыз қалуы мүмкін! Қытайдың Unitree Robotics компаниясы адамды қорғауға арналған H2-X роботын таныстырды.
Ол шабуылдаушыға қарсы тұрып қана қоймай, көліктің алдыңғы бөлігін көтеріп, апатқа ұшыраған адамды құтқаруға да қабілетті. Робот төрт метр биіктіктен секіріп, түрлі акробатикалық қимылдар жасайды. Әзірге оның бағасы мен сатылымға шығатын уақыты белгісіз. Бірақ болашақта темір оққағарды көрсек, таңғалмайтынымыз анық.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал