Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болады. Астаналықтар таңертең тұман түскенін байқаған болар.
«Қазгидромет» мәліметінше, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында түнде үсік жүреді. Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Ал Жетісу облысында ауа температурасы -11 градусқа дейін төмендейді. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстарының кей аудандарында тұман түседі. Кей өңірде желдің екпіні секундына 28 метрге жетеді. Сыр өңірінде және елдің шығысы мен орталығында шаңды дауыл соғады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.