Белгісіз ішімдік ішіп, уланған зейнеткер ес жинамай қайтыс болды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Петропавлда белгісіз ішімдік ішіп, уланып қалған 75 жастағы зейнеткер ес жинамай қайтыс болды. Дәрігерлер оның өмірі үшін сегіз күн бойы күресті.
Еске салайық, өткен аптада үш қала тұрғыны көңіл көтермек болып, қолдан жасалған тұнбаны ішкен. Артынша олардың денсаулығы нашарлап, ауыр хәлде аурухана түскен. Дәрігерлердің айтуынша, олар ешкімді танымай қалған. Қазір үш адамның өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Полицияның хабарлауынша, олар шөлмекті қоқыс контейнерінен тауып алған. Бөтелке тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Қорытындысы бір айдан кейін белігілі болады.
ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, ДСБ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Дәрігерлер оның өмірі үшін барлық жағдайды жасады. Дегенмен ешқандай жақсару болған жоқ. Науқас жансақтау бөлімінде көз жұмды. Үшеуі де спирттік ішімдіктен кейін, масаң күйде жеткізілген болатын. Сондықтан да дәрігерлер мұндай жағдайдың алдын алу бойынша ескерту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандар белгісіз ішімдікті ішпеуге ескертеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал