Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады.
Кездесуде сот жүйесінің жұмысы, азаматтардың сенімі және сот ісін цифрландыру мәселелері талқыланды. Биылғы тоғыз айда соттар 25 мыңға жуық қылмыстық және 605 мыңнан астам азаматтық істі қараған. Азаматтық істер былтырмекн салыстырғанда 28,4 пайызға артқарн. Сонымен қатар 29,2 мың әкімшілік іс және 319 мың әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралған. Даулардың жартысына жуығы медиациямен және басқа да балама жолдармен реттелген.
Мемлекет басшысы сот төрелігінің сапасын арттырып, сот жүйесін одан әрі жаңғырту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал