Қазақстанда қылмыс 15% азайған

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қазақстанда қылмыс 15% азайған. Бұл туралы Ішкі істер министрі бүгін Үкіметте «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының орындалуы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтты.
Ержан Сәденовтің айтуынша, елде 1 миллион 800 мың бейнебақылау камерасы орнатылып, олардың көмегімен 13 мың 800 қылмыс ашылған. Ал қоғамдық орындарда 763 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілген. Мектептерге 8 мың полиция қызметкері бекітіліп, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 9 пайызға төмендеген.
Қазір құқық бұзушылықтың алдын алуға еріктілер мен қоғамдық көмекшілер де тартылып жатыр. Бұдан бөлек, полиция қызметкерлеріне жасанды интеллект технологияларын қолдануға мүмкіндік беретін смарт-жетондар беріліп, бейнеаналитикасы бар камералар санын жыл соңына дейін 60 мыңға жеткізу жоспарланған.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
— Президент үнемі айтады. Нағыз патриот – бірінші кезекте, заңға бағынатын, тәртіпті сақтайтын, тазалықты бағалайтын, табиғатты аялайтын, еңбекқор білімді азамат. Сондықтан дәл осындай құндылықтарды бәріміз кеңінен насиахттауымыз керек
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал