Түркияда қаза тапқан қазақстандық қыздың өліміне қатысты екі адам ұсталды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Ыстамбұлда қаза тапқан қазақстандық қыздың өліміне қатысты екі ер адам ұсталды. Алды ала мәлімет бойынша, 26 жастағы Айсұлу Бекмаханова алтыншы қабаттан құлап кеткен. Түркия полициясы күдікке ілінгендердің қатарында марқұмның көршісі мен сүйіктісі болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, марқұм Ыстамбұлға қыркүйек айында туристік визамен барған. Қалада құрбысымен бірге тұрған. Ал 25 қазан күні таңертең алтыншы қабаттағы балконнан көрші ғимараттың шатырына өтпек болған. Алайда биіктен құлап кеткен. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер қызды аман алып қала алмады. Қазір Түркияның құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Ал Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі отандасымыздың қазасын растады.

ЖАНБОЛАТ ҮСЕНОВ, СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста және оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Мәселе ҚР Сыртқы істер министрлігінің бақылауында».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал