Қазақстанда ауа райы құбылады: үсік, тұман және шаңды дауыл күтіледі

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болады. «Қазгидромет» мәліметінше, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында түнде үсік жүреді. Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Ал Жетісу облысында ауа температурасы -11 градусқа дейін төмендейді. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстарының кей аудандарында тұман түседі. Кей өңірде желдің екпіні секундына 28 метрге жетеді. Сыр өңірінде және елдің шығысы мен орталығында шаңды дауыл соғады.
АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын кең ауқымды антициклон қалыптастырады. Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнгі уақытта еліміздің барлық дерлік өңірінде ауа температурасы нөлден төмен болғанымен, күндіз ауа температурасы солтүстік пен шығыста +5…+10°С-қа, батыста +15…+20°С-қа, ал республиканың оңтүстігінде +12…+17°С-қа дейін көтеріледі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал