«Таза Қазақстан» акциясы аясында сексеуіл тұқымын жинау акциясы өтті

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алматы облысының Балқаш ауданында сексеуіл тұқымын жинау акциясы өтті. Аталған іс-шараға орман шаруашылығы қызметкерлерімен қоса мектеп оқушылары және колледж студенттерінен құралған жүз шақты ерікті жұмылдырылды. Бүгінгі акция барысында 10 тонна қара сексеуіл тұқымы жиналды.
Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш өсіру туралы тапсырмасына сәйкес, көктемде Алматы облысында 77 гектар алқапқа 500 мыңнан астам ағаш көшеті егілген болатын. Алдағы аптада Бақанас орман шаруашылығының аумағындағы 2 мың гектар алқапқа қара сексеуіл тұқымын себу жұмыстары басталады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал