«Әділет» партиясы «Таза Қазақстан» бағдарламасын цифрландыруды ұсынды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

«Таза Қазақстан» бағдарламасын цифрландыру және экологиялық стандарттарды енгізу. Бұл мәселелер «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі жанындағы салалық кеңестің алғашқы отырысында талқыланды. Жиында бірыңғай цифрлық платформа құру, тұрғындардың өтініштерін бақылау және тазалықтың ұлттық стандартын әзірлеу ұсынылды. Сондай-ақ қалаларда жасыл аймақтарды көбейту, жаңбыр суын тиімді басқару және өңірлерде урбанистика орталықтарын ашу мәселелері көтерілді. Отырыс қорытындысында ұсыныстарды тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықтау туралы шешім қабылданды.
АРМАН ХАЙРУЛЛИН, ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
— Президентіміз «Таза Қазақстан» бастамасын жаңа, сапалы деңгейге көтеруді тапсырма қылып берді. «Әділет» партиясының бағдарламасының өзегі – осы «Таза Қазақстан» идеологиясын жүзеге асыру. Сондай-ақ әрбір қалада кем дегенде 20-дан астам қоқыс қабылдау пунктісін жасауымыз керек.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал