Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Ауыл шаруашылығы өнімдерін тек шикізат күйінде сатпай, оны терең өңдеу. Бұл – ел экономикасы үшін маңызды бағыттардың бірі. Соңғы жылдары осы салада жаңа жобалар қолға алынды. Мәселен, Сыр өңірінің шаруалары қатаң климатқа қарамастан жүгері мен соя өсіріп, оны өңдеуге кіріскен. Түркістан облысында суды үнемдейтін заманауи мақта-тоқыма кластері бой көтермек. Ал Ақмола өңірінде ет өндірісін дамытуға басымдық беріліп отыр. Сондай-ақ елімізде 71 тауарлы сүт фермасы іске қосылып, жылына 462 мың тоннадан астам сүт өндіріледі.
Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше мән берді. Ал бұл бастамалар ауылдағы ағайынның тұрмыс-тіршілігіне қалай әсер етеді? Өңір тұрғындарының пікірін тыңдап көрейік.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.