Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Вице-Президент Ерлан Қарин Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері мен тиісті мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен идеологиялық кеңес отырысын өткізді. Вице-Президент Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда көтерген бастамалары еліміздің жаңа тарихи кезеңдегі дамуының іргетасын қалайтынын атап өтті. «Тиісті мемлекеттік органдар Президент бастамалары мен тапсырмаларын сапалы орындауға баса назар аударуға тиіс», — деді Вице Президент.
ЕРЛАН ҚАРИН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
«Мемлекет басшысының Жолдауы – маңызды стратегиялық құжат. Президент ұсынған бастамалар көлік инфрақұрылымы мен энергетикадан бастап, цифрландыру және аграрлық секторға дейінгі түрлі саладағы мемлекеттік саясаттың іргелі басымдықтарын айқындайды. Осылайша, Мемлекет басшысы белгілеген нақты міндеттер алдағы бірнеше жылға арналған жалпыұлттық күн тәртібін қалыптастырады. Атап айтқанда, бұлар – Халықтық құрылыс, цифрлық экономиканы кезең-кезеңімен қалыптастыру, мемлекеттік басқару жүйесін ауқымды реформалау және басқа да бастамалар».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.