Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен босатылды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл шешімді басқарма қабылдағаны нақтыланды. «Бұл шешім компанияның стратегиялық инвестициялық жобаларын жүзеге асыру қарқынының баяу жүруіне, сондай-ақ жаңа генерациялау қуаттарын салу мен пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуына бақылаудың жеткіліксіз болуына байланысты қабылданды», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал