Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Алматыда қарулы топ ұсталды. Полицияның мәліметінше, Райымбек даңғылында болған төбелестен кейін күдіктілер оқиға орнынан қашып кетпек болған. Алайда үш патрульдік экипаж олардың көлігін Ангарская көшесінде тоқтатты. Салонның ішінен мачете, арматура кесінділері мен бірнеше темір таяқ табылды. Суық қарудың барлығы тәркіленді. Қазір полиция жанжалдың неден шыққанын және ұсталғандардың оған қатысын анықтап жатыр.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Көлік салонында 4 ер адам болған. Автокөлікті тексеру кезінде суық қаруға ұқсас заттар табылды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақырылды. Табылған заттардың барлығы заңда белгіленген тәртіппен тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жанжалдың мән-жайы, оның туындау себептері және ұсталған азаматтардың әрқайсысының әрекетке қатысы анықталуда.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.