Астанада мас күйде көшеде шу шығарған ер адам ұсталды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Астанада мас күйдегі ер адам көшеде шу шығарып, көлік астына түсе жаздаған. 30 жастағы қала тұрғыны алдымен жаяу жүргіншіге тиісіп, кейін жол үстіне шығып, жүріп бара жатқан көліктерге қарай жүгірген. Полиция оны ұстап, іс сотқа жолданды. Сот ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.
АРУЖАН БЕКТАСОВА, ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Аталған факті бойынша ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық дерегімен әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен құқық бұзушы 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және өзге адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал