Қаскелеңде ЖИ бойынша халықаралық FAIO-2026 олимпиадасының финалы өтіп жатыр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қаскелеңде жасанды интеллект бойынша халықаралық FAIO-2026 олимпиадасының финалы өтіп жатыр. Байқаудың іріктеу кезеңіне бір жарым мыңға жуық оқушы қатысты. Бірақ 10 шақты ғана команда финалға жолдама алды. Осылайша оқушылар әлемнің жетекші IT-компанияларының мамандарына негізделген күрделі тапсырмаларды орындап, көпшілікті тәнті етуде.
Жасанды интеллект олимпиадасына қатысушылардың географиясы кең. Биыл финалда 16 елден келген 50 команда бақ сынап жатыр. Білім додасы осымен үшінші рет ұйымдастырылса да, ол халықаралық деңгейге көтерілді.

ӘДІЛХАН ТОҚТАҒАНОВ, FAIO НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:
— Осы жылы іріктеу турына 28 елден 1,5 мыңға жуық оқушымыз қатысқан болатын. Ол яғни әлемнің 125 қаласынан 325 мектеп қатысты. Жалпы FAIO екі турдан құралады. Әр тур 5 сағаттан тұрады. Олар әлемдік деңгейдегі ең күрделі есептерді ЖИ бойынша шығарады.
Байқау басталар алдында оқушыларға технология және жасанды интеллект саласындағы танымал тайваньдық кәсіпкер Кай-Фу Ли сәттілік тіледі. Қатысушылар үш адамнан құралған топқа бөлініп, бағдарламалау, математика және машиналық оқыту бойынша тапсырмаларды орындады. Доданың негізгі мақсаты – жасанды интеллектінің тек кәсіби мамандарға ғана емес, кез келген оқушыға қолжетімді екенін көрсетіп, дәлелдеу.

Бұл – күрделі тапсырмаларды орындап жатқан мектеп оқушылары. Бірақ олар болашақ мамандығын қазірден таңдап, жаңа технологияларды меңгеруде. Олимпиада жастар үшін білімін сынап қана қоймай, халықаралық деңгейде тәжірибе жинайтын алаңға айналды.

ҰЛАН НҰРЛАНОВ, FAIO-2026 ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУШЫ:
— Біз бұл олимпиадаға екінші мәрте қатысып отырмыз. Былтыр қола медаль еншілеген едік. Биыл енді үздік 20-топтың қатарынан көрінсек дейміз. Барша қарсыласыма сәттілік тілеймін.

Бұл білім додадасын бірқатар серіктес қолдады. Олардың қатарында ANSA Qory да бар. Соның арқасында оқушылар байқауға тегін қатысуда. Ал жүлде қоры – шамамен 13 миллион теңге.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал