Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС
Келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынамын. Осы ауқымды құрылыс қозғалысына «Халықтық құрылыс» деген атау беруге болады. Мемлекет Басшысы Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында бірқатар бастама көтерді.
БАСБҰЗАРЛАР ҰСТАЛДЫ
Алматы қаласындағы төбелесті тоқтату үшін үш бірдей патруль экипажы аяғынан тік тұрды. Тәртіп сақшылары темір-терсекпен қаруланған ер адамдарды қуып жүріп ұстады. Тұрғындардың үрейін алып, полициядан қашуға не себеп?
АРАҚТЫҢ БУЫ
Араққа тойып алып, Астана тұрғындарының шырқын бұзды. Көшеде кім-көрінгенге соқтығып, әрі-бері жүйткіген көлікке тап берген тұрғынды тәртіп сақшылары тұтқындады. Полиция бұзақыны жеті күнге қамауға алды.
КӨКТЕН КҮЗЕТЕДІ
Енді құрғақ шөп пен қоқыстың жануын жердегі мамандар ғана емес, көктегі құрылғы да бақылай алады. Шымкент полицейлері он шақты дронды іске қосты. Ұшқышсыз аппараттың көмегімен ереже бұзғандар дереу анықталып жатыр.
КОМАНДАЛЫҚ САЙЫС
Алматыға әлемнің түкпір-түкпірінен ең ақылды балалар жиналды. Оқушыларға арналған жасанды интеллект бойынша халықаралық командалық олимпиада жалғасып жатыр. Сонымен қай топ оқ бойы озық келеді?
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.