Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Дүкен сөрелеріндегі қауіпті өнім. Әріптесіміз Жаннұр Сахиева дәл қазір тікелейге қосылып, балалар жеп жүрген тіскебасар туралы айтпақ. Қасында оператор да жоқ. Мобильді репортер телефонымен көрген дүниесін жеткізбек. Жаннұр, 100 теңгелік қатер деп нені айтып тұрсыз?
ЖАННҰР САХИЕВА, ТІЛШІ:
– 100 теңгелік қауіп деуімнің себебі жоқ емес. Тауар деуге келмес. Қазақша-орысша сипаттамасы жоқ. Атауы белгісіз. Құрамы күмәнді дүниені балалар құмартып жеп жүр. Қазір күзгі каникул. Ата-ана жұмыста. Оқушылардың қолы бостау болғасын дүкенге әлсін-әлсін жүгіріп, осы күмәнді тіскебасарды алып жатқанын көрдім. Бала құмартып жеп жүр деген сөзіме дәлел бар. Балалар жегесін мен де жеп көрдім. Сағызша созылып, тіске жабысып қалады екен. Иісі жағымсыз, бұрышы көп. Өте майлы. Тіпті аудармасын оқысам, 100 грамм тіскебасарда үлкен ас қасық тұз бар деп тұр. Бұл мәселені біз бірінші рет айтып тұрған жоқпыз. 2025 жылы наурыз айында күмәнді тауарды арнайы зертханаға жіберіп, тілшілеріміз Гүлвира Сейтен мен Лейла Әуесова балалар үшін қауіпті екенін дәлелдеп шықты. Тіпті санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті сауда сөрелерін тексереміз деген, жауапты министрлік толық тазалауы тиіс еді. Алайда содан кейін 18 ай өтті. Күмәнді өнім әлі күнге дейін емін-еркін сатылып жатыр. Әсіресе мектеп жанындағы дүкендер үшін хит тауар болып тұр. Менің таң қалғаным балалар қауіпті тіскебасар жеп жатқанда біз неге бей-жай үнсіз отырмыз. Сөреде бөтен зат тұрғанда неге көрмейміз, елемейміз. Неге жеткізушілерге тосқауыл жоқ? Әрбір көрерменге жетсе екен, жауапты маман қозғалса екен деген ой бар. Ата-ана баланың не жеп жүргенін аңғардыңыз ба?
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.