Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Біреудің пәтерінен шыққысы келмей, лаң шығарған жігіт 30 тәулікке қамалды.
Бұл оқиға Астанада болды. 22 жастағы жігіттің аузына келгенін айтып, үй иесімен салғыласқан сәті әлеуметтік желіге тарады. Ол пәтерін босатуын сұрап келген иесін балғаттап қана қоймай, жұдырық ала жүгірген.
ДАМИР ӘМІРЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД БҚ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
– Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша, қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 22 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Пәтер иесімен туындаған жанжал барысында ол әйелге дене жарақатын салып, оның ар намысына тиетін былапыт сөздер айтқан. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар былапыт сөздер айту арқылы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен ер адам әкімшілік қамаққа алынды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.