Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Үндістанда ауа райы күрт бұзылып, елге «Арнаб» циклоны төнді.
Табиғи апат салдарынан 3 адам қаза тапты. Андхра-Прадеш штатында соққан қатты жел мен нөсер жаңбыр тұрғын үйлерді қиратып, жолдарды шайып кеткен. Қауіпті аймақтан 90-ға жуық тұрғын эвакуацияланды. Апат аймағындағы көлік қозғалысына толықтай шектеу қойылды. Мәліметтерге сай, жойқын желдің жылдамдығы сағатына 135 шақырымға дейін жеткен. Дауылдан 6 мыңға жуық электр бағаны құлады. Төтенше жағдайлар қызметі апат зардабын жоюға кірісті.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.