Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Үкімет цифрлық трансформация дәуірінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру жоспарын әзірлейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты халыққа Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жиында Олжас Бектенов осы мәселеге назар аударды.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
– Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Ал министрлер ондағы тапсырмаларды орындауға кірісті. Үкімет сағатында маңызды құжаттағы міндеттердің қалай жүзеге асырылатыны баяндалды. Соның ішінде халықтың табысын арттыру мен кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауға басымдық беріліп отыр. Мәселен, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр. Ал шағын және микробизнеске тексеру жүргізуге үш жылдық мораторий енгізу мәселесі қаралмақ. Яғни бұл ұсыныс мақұлданса, іскер кісілерді тексеруге уақытша шектеу қойылады. Бұдан бөлек, орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлерге ұзақ мерзімге қаржы беру және өндірісті жаңғырту көзделген. Ал ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін арнайы қор құрылған. Осыған қатысты Ұлттық Экономика вице-министрі баяндама жасады.
АЗАМАТ ӘМРИН, ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
– Жолдау аясында Мемлекет басшысы инфрақұрылымның «ауқымды құрылысы» бағытын белгіледі. Ол үшін Инфрақұрылымдық даму қоры құрылды.
Сол сияқты салық мәселесіне де өзгеріс енгізілмек. Ұлттық экономика министрлігі Салық кодексіне түзетулер дайындаған. Құжатқа кәсіпкерлердің ұсыныстары енгізіліпті. Ал дәулетті ие, яғни жағдайы бар азаматтарға салықты көбірек салу мәселесі де қаралмақ. Бұған басқа мемлекеттердің тәжірибесі негіз болған. Бұдан бөлек, Жолдауды жүзеге асыру аясында келесі жылы 77 мың дәрігердің жалақысын 40% көтеру жоспарланған. Сондай-ақ елде 70-ке жуық жаңа медициналық нысан салынбақ. Оның ішінде перинаталдық орталықтар мен балалар ауруханалары мен оңалту мекемелері де бар. Білім беру саласында да жаңа нысандар бой көтереді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.