«Кеген – Нарынқол» тасжолы пайдалануға берілді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Республикалық маңызы бар «Кеген – Нарынқол» тас жолы пайдалануға берілді. Биыл күре жолдың 74 шақырымына орташа жөндеу жасалды. Бұл тұс соңғы рет 30 жыл бұрын жөнделген. Ол облыс орталығы мен Алматы қаласын шекаралас ауданмен байланыстырады. Тас жол трансшекаралық тасымалды дамыту үшін де қолайлы. Жоба Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Кеген – Түп» автомобиль өткізу пунктін жаңғырту аясында жүзеге асырылды. Мемлекет басшысы да Жолдауда сапалы жол мен оның бойындағы инфрақұрылым маңыздылығына тоқталған болатын.

ДАРХАН ИМАНАШЕВ, «QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ ТӨРАҒАСЫ:
– Жалпы, жөндеу жұмыстарына Алматы облысы бойынша 32 млрд қаражат бөлінді. Соның аясында 400-ден астам шақырым орташа жөндеумен қамтылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал