Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Испан жұрты үш күн аза тұтады. Қаралы күнді жариялауға Урда қаласында болған қайғылы оқиға себеп. Екі пойыздың соқтығысуы салдарынан 68 адам қаза тапты. Бұдан бөлек, 15 адамның халі мүшкіл, тағы 53 жолаушы ауруханада жатыр. Бұл апат испан халқы үшін үлкен қасіретке айналды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Королі VI Фелипеге көңіл айту жеделхатын жолдады. Президент бүкіл халықтың қайғысына ортақтасып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Толедо өлкесінде болған теміржол апаты салдарынан көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Испания Королі VI Фелипеге, жақынынан айырылған отбасыларға және барша испан халқына көңіл айтамын».
Қайғылы жағдайдан кейін Испанияда жаппай наразылық басталды. Мыңдаған тұрғын Мадрид көшелеріне шығып, Көлік министрінің қызметтен кетуін талап етті. Бейбіт шеру соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Наразы топ тәртіп сақшыларына файер лақтырса, полиция көз жасаурататын газ қолданды. Жиналғандар Премьер-министр Педро Санчестің де отставкасын талап етіп отыр. Айта кетейік, бұл – елдегі жыл басынан бергі екінші ірі теміржол апаты. Жыл басында Адамуз қаласында екі пойыз соқтығысып, 46 адам мерт болған еді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.