Балалар сүйіп жейтін тіскебасардың құрамы күмәнді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Дүкендегі қауіпті өнім. Әңгіме балалар жеп жүрген тіскебасар туралы болып отыр. Мамандар жүз теңге тұратын арзан базарлықтың денсаулыққа орасан зор зияны бар екенін айтады. Ендеше, өнімді сатуға рұқсат берген кім? Саланы қадағалаушы орган қайда қарап отыр?

ЖАННҰР САХИЕВА, ТІЛШІ:
– Баламыз не жеп жүр? Қазір күзгі демалыс басталды. Ата-ана жұмыста. Балалар әлсін-әлсін дүкенге жүгіріп, мына тауарды сатып алып жүр. Тауар деуге де келмейді. Қаптамада қазақша-орысша сипаттамасы жоқ. Бұл неғылған тауар? Сауда сөрелеріне қайдан келді?

Балаларды қызықтырған тіскебасарды мен де жеп көрдім. Сағызша созылып, тіске жабысады. Иісі өткір, бұрышты. Өте майлы. Ең бастысы, қолжетімді болып тұр. Мынаның бір данасы небәрі – 100 теңге. Кез келген шағын дүкеннен алуға болады. Әсіресе мектепке жақын орналасқан аумақта кәсіпкерлердің саудасы қызып тұр. Ал мамандар не дейді?

ДАНАГҮЛ ҚАСҚАТАЕВА, ДСМ СЭБК БАС САРАПШЫСЫ:
– Тергеу-тексеру жұмыстары жүргізілді. Әзірге дүкен сөрелерінен алып тасталған жоқ. Сонымен қатар ол өнімдердің контр агенттері кім, жеткізушілері кім, нарыққа қайдан келді, қай дүкендерде жеткізілді деген тергеу жұмыстары жүргізілді. Осы снек өнімдері қауіпсіздік талаптарына тексерілді. Оның ішінде осы снек өнімдерінің құрамынан тыйым салынған бояғыштар, консерванттар табылды.

ЖАННҰР САХИЕВА, ТІЛШІ:
– Дүкендегі көрініс осындай. Арнайы жеткізушілер бар. Сұраныс бар. Ал оның қаупін ешкім ойлап жатқан жоқ. Біз құрамын зерттеп көрдік. Ішінде асқазан-ішек жолдарын күйдіретін ащы бұрыш тым көп. Өте майлы. Денені тітіркендіретін қоспасы бар. 100 грамдағы өнімдегі тұздың мөлшері 1 ас қасықпен бірдей.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал