Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Жансейіт Қайнарбаев тұтқынға алынды. Бұған дейін ол жергілікті спорт белсендісімен бірлесіп адам ұрлаған болуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Бірақ бұл – бейресми мәлімет. Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-әкімнің қамауға алынғанын растап, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Басқа мәлімет берген жоқ. Ал осыдан бір ай бұрын Жансейіт Қайнарбаев Маңғыстау облысының Қарақиян ауданын басқарғаны айтылады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.