Жамбыл облысында қоқыс тастағандар жауапқа тартылып жатыр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қоқысты кез келген жерге тастай салғандар айыппұл төлейді. Жамбыл облысында тазалық тәртібін бұзғандар жаппай жауапқа тартылып жатыр. Полицейлер «Таза Қазақстан» акциясы аясында рейд жүргізіп, қоршаған ортаға залалын тигізгендермен күресті күшейтуде. Биыл өңірде 19 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелген. Салынған айыппұл көлемі 23 миллион теңгеден асады. Көбіне тұрғындар қоқысты жол жиегіне, үйлердің маңы мен қаланың шетіне төгеді. Соның салдарынан бейберекет қоқыс үйінділері пайда болады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал