Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Еңбекшіқазақ ауданында тағы бір елді мекен алкоголь өнімдерінен бас тартты. Бұл жолы Төле би ауылының тұрғындары «Ішімдіксіз ауыл» бастамасын қолдады. Тіпті жазда тау туризміне қызығып келетін туристердің өзі ауылда ішімдік сатылмайтынын біліп алған. Жалпы, облыс бойынша 24 ауыл осы жобаға қосылды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ішімдіктен бас тартқан тоғыз ауылда соңғы үш жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.
БІРЖАН БЕКЗАТ, ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АПБ БӨЛІМ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– Төле би ауылында 1500-ге жуық адам тұрады. Ауыл адамдары үш жылдан бері ішімдік қолданбайды. Осы уақыт ішінде ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.
Бұдан бөлек, алкогольсіз мәртебеге Қырбалтабай және Алмалы ауылдары да ие болды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.