Балабақша тәрбиешілері ЖИ көмегімен суреттерге жан бітірді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Дельфин жүзіп, тасбақа жылжиды. Ал шабақтар экранда қимылдайды. Бұл – кішкентай балғындардың қиялынан туған суреттер. Балабақша тәрбиешілері жасанды интеллект көмегімен оған жан бітірген. Осылайша мамандар сабақты қызықты өткізудің жолын тапқан. Тәрбиешілер нейрожелі арқылы түрлі танымдық ойын құрап, көрнекілік жасауға машықтанып алған. «Бірақ дәстүрлі тәсілдерді қатар алып жүреміз», — дейді педагогтар. Жасанды интеллект қосымша құрал ретінде ғана қолданылады.

АЛЬМИРА АТХАНОВА, БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ:
– Қазіргі күні мектепке дейінгі білім беру саласында көп өзгеріс болып жатыр. Ол өзгерістерідң бірі – балабақшада жасанды интеллект қолдану. ЖИ балалардың ой-өрісін, қиялын және шығармашылығын дамытады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал