Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
БАЙЛЫҚ САЛЫҒЫ
Бай-бағландар ел экономикасына сүбелі үлес қосуы керек. Сондықтан оларға салынатын салық мөлшері белгіленеді. Үкімет басшысы бір ай ішінде әлемдік тәжірибені зерттеуді тапсырды. Бұл міндетті Мемлекет басшысы Жолдауда жүктеген болатын.
ТАР ЖОЛ КЕҢЕЙЕДІ
«Петропавл – Көкшетау» тас жолы төрт жолақты болады. Аймақта дәл осы бағытта жұмыс жанданды. Күре жолды кеңейтпесе, күніне әрлі-берлі қатынайтын алты мыңнан астам көлік қарсы бетке шығып, апат қаупі күшейеді.
ҚАУІПТІ ӨНІМ
Дүкендегі қауіпті өнім. Әңгіме балалар жеп жүрген тіскебасар туралы болып отыр. Мамандар жүз теңге тұратын арзан базарлықтың денсаулыққа орасан зор зияны бар екенін айтады. Ендеше өнімді сатуға рұқсат берген кім? Саланы қадағалаушы орган қайда қарап отыр?
АЯҚСЫЗ ҚҰРЫЛЫС
Ақтөбе тұрғындары құрылысы аяқсыз қалған ғимараттан қорқып отыр. Өйткені ол маңға әуелі маскүнемдер үйір. Одан кейін балалар да ойын алаңына айналдырып алған. Мәселені тездетіп шешпесе, біреу-міреу биіктен құлап мертігуі мүмкін.
ЖАНДЫ СУРЕТ
Дельфин жүзіп, тасбақа жылжиды. Ал майшабақ экранда қимылдайды. Бұл кішкентай балғындардың қиялынан туған суреттер. Балабақша тәрбиешілері оларға жасанды интеллект көмегімен жан бітірген.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.