Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Ақмола облысында вагон үстіне шыққан 15 жасар бала тоққа түсіп қалды. Оқиға Шортанды станциясында болған. Қос бірдей оқушы ермек іздеп, вагонның үстіне өрмелеген. Біреуі төбесінде серуендемек болып, абайсызда жоғарыдағы электр сымдарына жақындаған. Салдарынан тоқ соғып, денесінің 70 пайыздан астамын күйік шалды. Қазір жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр. Оған аудандық аурухана мамандары мен санитарлық авиациямен жеткен облыстық дәрігерлер көмек көрсетіп жатыр.
МАРАТ ДӘУЛЕТОВ, АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ДӘРІГЕРІ:
— Бас, мойын аймағын екінші, үшінші дәрежелі күйік шалған. Сонымен қатар кеуде, арқа, аяғының күйік шалуы екінші, бірінші дәрежелі болып саналады. Жалпы, науқастың жағдайы ауыр, облыстық дәрігерлермен бірлесе отырып, емін жүргізіп жатырмыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.